Сәтбаев қаласының әкімі парамен ұсталды

әкім
Фото: Сәтбаев әкімдігі

СӘТБАЕВ. KAZINFORM - Ұлытау облысына қарасты Сәтбаев қаласының әкімі парамен ұсталды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растады.

«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», - деп хабарлады Антикордан.

Еске сала кетейік, Шапағат Әубәкір бұл қызметке өткен жылдың 19 қаңтарында тағайындалған еді. 

Соңғы жаңалықтар