Сәтпаевта футбол алаңының күмбезі құлады

СӘТПАЕВ. ҚазАқпарат – Сәтпаевта күшті жел салдарынан футбол алаңының төбесі құлады. Зардап шеккендер жоқ,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәтпаевта футбол алаңының күмбезі құлады

Оқиға, бүгін сағат 14-30-да болды. Күшті желдің ықпалымен футбол алыңының күмбезі екі жағынан жұлынып кетті.

«Іштегі адамдар сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген Сәтпаев қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, нысанды 2005 жылы «Қазақмыс» копорациясы салған.

2018 жылы спорт нысаны қалалық спорт бөліміне, 2021 жылдың қаңтарында облыстық спорт бөліміне өтті.

Айта кетейік, синоптиктердің болжамы бойынша бүгін күндіз Қарағанды облысының орталығы мен оңтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жауады, күшті жел тұрады. Облыс орталығында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетті. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда найзағай ойнап, төтенше өрт қаупі сақталады.