Сәтпаевта шенеунік қызметкерлерін бейнекамерамен жасырын аңдып жүрген
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сәтпаев қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы ұжымда сыбайлас жемқорлықпен күрестің ерекше тәсілін ойлап тапты. Ол ғимаратқа бейнекамера орнатып, 9-19-ға дейін өарамағындағы қызметкерлерінің жұмысын бақылаған, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Шенеунік Мықтыбай Серікбаев ұжымның конституциялық құқығын өрескел бұзып, оны қызметкерлері біліп қойып, мемлекеттік кірістер департаментіне шағымданған.
Ведомствоның ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Серікбаев жасырын камера орнату арқылы пара алу немеес өзінің өкілеттігін теріс пайдалану әрекеттерін анықтай алмаған. Сол себепті ол істеген әрекетіне өкініп, қызметкерлердің құқықтарын бұзбауға уәде берді. Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметтік тексеру материалдарын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тәртіп кеңесіне берді.
Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Айдын Смағұлов кеңес мүшелеріне «Мемқызмет туралы» заңды бұзу фактісі туралы атып берді. Яғни, Мылтықбай Серікбаев ғимаратқа камера орнатып, қызметкерлерін тәулік бойы бақылап отыратын болған.
Тәртіптік кеңес мүшелерә мемлекеттік кірістер деппартаментінің басшылығына қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолдану дүрыс деп тапты.