Сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесі туралы қаулыға толықтырулар енгізілді

АСТАНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына толықтыру енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы желтоқсанның 30-ындағы №1301 Қаулысына қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. ***Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы2008 жылғы 30 желтоқсан № 1301 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына толықтыру енгізу туралыҚазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. ?Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, ?Еркін қойма? кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесін бекіту туралы? Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі №355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №16, 193-құжат) мынадай толықтыру енгізілісін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, ?Еркін қойма? кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесі: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 36-жолмен толықтырылсын: ?36. Дизельді электр локомотивтері 8602 10 000 0 35.20.12?. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Соңғы жаңалықтар