Сатылымға шыққан шөлмегінің қағазында Алла аты жазылған араққа қатысты ҚМДБ мәлімдеме жасады

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат -  Осыған дейін Әбу Нәсір әл-Фараби бабамыздың, Түркістан қаласының, ұлттық аспабымыз - домбыраның суреттері шайтан судың шөлмегіне қойылғаны қоғамда келіспеушілік тудырған еді.
None
None

 Енді міне, адамды ақылдан адастыратын араққа Алланың аты жазылып, сатылымға шыққанынан хабардар болдық. Бұл ел мұсылмандарының наразылығын тудырып отыр. Аталмыш арақ бөтелкесінің қағазында: «Тек Алладан басқа жеңуші жоқ» деп жазылған. Шариғат бойынша, арақ ішудің үкімі - анық харам. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) арақты жасаушыға оны жасатушыға ішкенге, ішкізгенге, тасушыға және тасытқанға, сатушыға, сатып алушыға, сыйға тартушыға, арақты сатып, ақшасын пайдаланғанға лағынет айтқаны белгілі»,-делінген мәлімдемеде.

 «Ақтөбе қаласындағы арақ шығарушы «Геом» серіктестігінің басшыларының мұндай сорақы қателікке қалайша жол бергендігі бізге беймәлім. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облыстық өкілдігіне зауыт басшылары Алла атын әдейі жазбағандықтарын, арабша сөздің мағынасына мән бермегендіктерін айтып ақталуда. Олар бұл қателіктері үшін ел алдында кешірім сұрайтынын мәлімдеді. Мұндай ауыр қателікке қандай себеппен жол берілсе де біз оны ауыр айыптаймыз. Алдағы уақытта осындай оспадарлыққа жол берілмеуі тиіс. Сондықтан аталған мекеме басшыларынан жіберген қателіктері үшін Қазақстан мұсылмандары алдында кешірім сұрап, Алланың аты жазылған арақтың сатылымнан түгелдей алып тастауын талап етеміз»,-дейді ҚМДБ.

Соңғы жаңалықтар