Сау тісі жұлынған әйел сот арқылы 22,5 мың рубль өндіріп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Краснояр өлкесіндегі Минусинск қаласының тұрғыны сау тісін жұлып тастағаны үшін стомотологиялық клиникадан 22,5 мың рубль өндіріп алды, деп хабарлады жұма күні өлкелік соттың баспасөз хатшысы Наталья Мишанина.

Сау тісі жұлынған әйел сот арқылы  22,5 мың рубль өндіріп алды

Сот материалдарында 2013 жылы тісі қатты ауырған әйелдің жеке клиникаға қаралғаны айтылады. Дәрігер оның тісін жұлған. Сол күні кешке тісі қайта ауыра бастаған. Келесі күні әйел басқа клиникаға барып, тағы бір тісін жұлдырған, осыдан кейін тісінің ауырғаны сап тыйылған. Артынша әйел сау тісін жұлып тастаған клиниканы сотқа береді.