Сауалдама: 48% британдық ЕО-ға мүшелікті сақтауды жақтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы референдумда ЕО-дан шығуға дауыс беруді жоспарлағаннан гөрі Еуропалық одақ мүшесі мәртебесін сақтап қалуды қолдайтын Ұлыбритания азаматтарының саны 15 пайызға арта түсті, деп хабарлады Gazeta.ru Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Басылым жүргізген сауалдама мәліметтері бойынша, 33% британдықтар ел Еуроодақтан шығуы тиіс деп санайды, ал 48%-ы Ұлыбританияның ЕО қатысушы-елі мәртебесін сақтау идеясын қолдайды.

Сонымен бірге, сұрау салынғандардың 30 пайызы Кэмерон өткен келіссөздерде мемлекеттің ұстанымын ойдағыдай қорғап қала алмады деген пікірде. Премьерді респонденттердің 35 пайызы қолдады.

Бұдан бұрын 23 маусымда Ұлыбританияның ЕО-да болуын сақтау жөнінде референдум өткізілетіні хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар