Сауалнама: Елорда тұрғындары аналарына не сыйлайтынын айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында елорда тұрғындарының 8 наурызға арналған ерекше құттықтаулары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Видеода әр жастағы түрлі кәсіптегі ер азаматтар, оқушы мен студенттер еліміздің нәзік жандарына арнап өз құттықтауын жеткізді.
Сонымен қатар, ерлер анасына қандай сыйлық жасайтындарын да атап өткен. Олардың бірі әтір мен гүл сыйлайтынын, ал кейбірі смарт сағат немесе алтын бұйымдар алып беретінін айтқан.
«Қолымнан келсе, анама әлемнің барлық жақсылықтарын сыйлар едім», - дейді тілек білдірушінің бірі.
Ал көлік тізгіндеген жүргізушінің бірі мерекеге арнап әйеліне қалаған затын алып беретінін уәде етті.