Сауалнама: Халық бір жылдан кейін қаржылық жағдайы қандай болатынына болжам жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі 2022 жылғы ақпандағы инфляциялық күтулер бойынша сауалнаманың қысқаша нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауалнама: Халық бір жылдан кейін қаржылық жағдайы қандай болатынына болжам жасады

Инфляциялық күтулер бойынша сауалнама жүргізу әлемдегі геосаяси жағдай күрт нашарлағанға дейін аяқталды. Осылайша, сауалнама нәтижелері респонденттердің инфляциялық күтулерінің өзгеруін толық көлемде көрсетпеуі мүмкін. Инфляцияның сандық бағасы 2022 жылғы ақпанда 6,2% құрады, нақты инфляция – 8,7%.

2022 жылғы ақпанда келесі 12 айда бағаның ағымдағы өсу қарқынының жеделдеуін немесе сақталуын күтетін респонденттердің үлесі 41% құрады, бұл 2021 жылы алынған нәтижелермен салыстырғанда аз.

Респонденттердің 52% өткен айда бағаның өзгеріссіз немесе бірқалыпты өсуін атап өтті. Өткен айда бағаның өсуін атап өткен респонденттердің көпшілігі азық-түлік өнімдерін таңдайды, олардың үлесі 87% құрады. Респонденттердің басым бөлігі азық-түлік құрамында жемістер мен көкөністер, нан-тоқаш өнімдері, жарма, ет, сүт, өсімдік майы бағасының тез өскенін атап өтті.

Өткен 12 айдағы алдыңғыға қарағанда бағалардың тезірек өсуін байқаған сұралғандардың үлесі 63% құрады.

2022 жылғы ақпанда ақшалай жинақтары бар халықтың үлесі 17% құрады. Респонденттердің көпшілігі ағымдағы уақытты жинақ қалыптастыру үшін қолайсыз деп санайды (38%). Жинақтары бар респонденттердің басым бөлігі жалпы алғанда жинақтардың соңғы жылда өзгермегенін және өсуін (тиісінше 42% және 32%) атап өтті.

Сұралғандардың негізгі бөлігі өткен 12 айда жеке материалдық жағдайын өзгеріссіз болғанын бағалайды (респонденттердің 54%), респонденттердің 34% оның нашарлағанын атап өтті. 1 жыл және 5 жылдан кейін елдің даму перспективаларын оң бағалайтын сұралғандардың үлесі тиісінше 52% және 50% құрады. Респонденттердің басым бөлігі бір жылдан кейін жеке қаржылық жағдайының жақсаруын күтуде (респонденттердің 39%).

Нақты және күтілетін инфляция* өткен жылдың тиісті айына %