Сауат Мыңбаев Қазақстан күрес федерациясының президенті болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауат Мыңбаев Қазақстанның Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметінен.

Сауат Мыңбаев Қазақстан күрес федерациясының президенті болып сайланды

Бұл лауазымда ол Серік Сұлтанғалидің орнын басты. Өз кезегінде ҚКФ үш жыл бойы басқарып келген С.Сұлтанғали федерацияның құрметті президенті атанды. Сонымен қатар, ол «Спортқа қосқан үлесі үшін» мемлекеттік наградасына ие болды.

Айта кетейік, Сауат Мыңбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып табылады.