Сауатты адамды сауаттандыру ең азапты жұмыс ? академик Ө. Айтбайұлы

АЛМАТЫ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазір ең азапты жұмыс сауатты адамды сауаттандыру болып отыр. Бүгін Алматыда өз жұмысын аяқтаған «Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы және қазіргі заман» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция кезінде осындай пікір айтылды,

Сауатты адамды сауаттандыру ең азапты жұмыс  ? академик Ө. Айтбайұлы
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Сауатты адамды сауаттандыру деген ең азапты жұмыс. Біз сауаттанып кеттік те сауатымыздың көпшілігі осы заманның ілім-біліміне қарай бейімделіп, діни сауатымыз мейлінше төмендеп қалды. Бұл жиынның ең алдымен сауатты адамдардың діни сауатын ашатын өзгеше тағлым-тәрбиелік мәні бар», - дейді ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы Өмірзақ Айтбайұлы. Қазақстан мұсылмандары діни басқарманың жанындағы Ғұламалар кеңесі мүшесінің пайымдауынша, бұл кеңес алдағы уақытта да өз жалғасын табуы керек. Имам Ағзамның өмірбаянын, басынан өткен тірліктерін, тазалығын, пәктігін, имандылығын, Аллаға деген сенімін, қызметін осы конференцияға қатысқан делегаттар ел арасына барған кезде жұртшылыққа насихаттауы қажет. Сондай-ақ осында айтылған сөздерді құрастырып, жинақ етіп басып шығарып, жұртшылық арасында тарату керек.