00:14, 04 Маусым 2015 | GMT +5
Сауд Арабия патшасы Қағбаны жуды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының тақ мұрагері Салман ибн Абдул Азиз «әл-Харам» мешітіне зиярат етіп, Қағбаның ішінде намаз оқып әрі оның тазалық жұмыстарына ат салысты, деп жазады e-islam.kz.

Сонымен қатар, Қағбаның бас имамы Абдурахман Судайспен бірге мешітті кеңейту жобасымен танысты. Аталмыш жоба бойынша, мешіт 126000 шаршы метрге кеңейіп, бір сәтте 1 700 00 адамды қабылдай алады. Осыдан кейін Салман ибн Абдул Азиз елдің қаржы министрімен де кездесіп, алдағы келе жатқан қажылыққа дайындық және қонақтарға ұсынылатын көмектесу жұмыстарымен танысты.