Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістан шұғыл әскери келіссөз өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістан бас штаб бастықтары Мекке бірлескен қорғаныс келісіміне сәйкес, Корольдікке қолдау көрсетуді талқылау үшін шұғыл кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Al Jazeera. 

Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістан шұғыл әскери келіссөз өткізеді
Фото: Түркия СІМ

Бұл шешім Нью-Йоркте үш елдің сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін қабылданды. Келіссөз өтетін күн мен қолдау шаралары жайлы ақпарат әлі нақтыланған жоқ.

Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістан 7 тамызда Мекке қаласында бірлескен қорғаныс келісіміне қол қойған. Құжатқа сәйкес, үш елдің біріне жасалған шабуыл келісімнің барлық тарапына жасалған шабуыл деп саналады.

Тамыз айының соңында тараптар Сауд Арабиясында Келісімнің хатшылығын құруға және әскери ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.
Йемендегі жағдайдың шиеленісуі және Сауд Арабиясының аумағына жасалған шабуылдарға байланысты жаңа кеңес ұйымдастыру жоспарланып отыр. Al Jazeera арнасының хабарлауынша, бір күн бұрын Сауд Арабиясының әуе қорғаныс күштері Таиф пен Янбуға ұшырылған алты баллистикалық зымыранды ұстап алғанын хабарлаған.

Еске сала кетейік, Хуситтер Сауд Арабиясының Йеменге 28 рет әуе соққысын жасағанын мәлімдеді.