Сауд Арабиясында Криштиану Роналду атындағы мұражай ашылды

Криштиану Роналду
Фото: championat.com

«Әл-Наср» футбол клубының және Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналдудың Сауд Арабияда жеке мұражайы ашылды, деп хабарлайды Kazinform.

«Бұл – менің тарихым. Мадейрадан Сауд Арабиясына дейін өткен жолымнан сыр шертетін CR7 мұражайы енді Эр-Риядта ашылды», - деп жазды әлемдік футбол жұлдызы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

 

Мұражайда Криштиану Роналдудың жеке киімдері: футболкалары, аяқ киімдері және жүлделері мен медальдарі, соның ішінде «Алтын доп» жүлдесі қойылған. Онда футболшының балауыздан жасалған үлгісі де бар. 

Еске сала кетсек, Роналду «Әл-Наср» командасына қысқы трансфер кезінде ауысқан. Ойыншы 2022-2023 жылғы маусымды «Манчестер Юнайтедте» бастап, кейін ондағы басшылықпен және жаттықтырушымен жанжалдан соң клуб сапынан кетуді ұйғарды. 

Соңғы жаңалықтар