Сауд Арабиясында тікұшақ апатынан он төрт адам қаза тапты

АСТАНА.KAZINFORM - Сауд Арабиясында Saudi Aramco мұнай компаниясына тиесілі тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы 14 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

ф
Фото: instagram.com/alkhaleej.ae

Корольдіктің Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, тікұшақ елдің шығысындағы жағалаудағы Рас-Таннура қаласында құлаған. Зардап шеккендердің барлығы Сауд Арабиясының азаматтары болған.

Министрлік апаттың себебін анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын қосты.

Saudi Aramco - Сауд Арабиясының мемлекеттік энергетикалық компаниясы және әлемдегі ең ірі шикі мұнай өндірушісі.

Айта кетейік, Францияда бірнеше күнге созылған аптап ыстық салдарынан өлім-жітім көрсеткіші болжанған деңгейден шамамен мың жағдайға артты,