Сауд Арабиясы 600-ден астам мешітті қайта жөндеуден өткізбек

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының ислам, уақф және уағыз-насихат ісі жөніндегі министрлігі елдің әр түкпіріндегі 635-тен астам мешітті қайта жөндеуден өткізбек.

Сауд Арабиясы 600-ден астам мешітті қайта жөндеуден өткізбек

Бұл жоба король Абдалла ибн Абдель Азиза Аль Саудтың арнайы бағдарламасы шеңберінде жүзеге аспақ. Бұл жайында al-Arabiya-ға сілтеме жасап muslim.kz хабарлады. Министр Абдулла бин Ибраһимнің айтуынша, бұл жобаға 134 миллион доллар қаржы жұмсалмақ.