Сауд Арабиясы алтын өндіруді екі есеге ұлғайтпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясындағы Saudi Arabian Mining Co ірі алтын өндіруші компаниясы ел экономикасының мұнайға тәуелділігін бәсеңсіту мақсатында алтын өндіруді 2020 жылға қарай екі еседен астам көлемге арттырмақ.

Сауд Арабиясы алтын өндіруді екі есеге ұлғайтпақ

Сонымен қатар, компания алюминий, амиак сияқты ресурстардың да көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, алтын өндіру көлемі 200 мың унциядан 500 мың унцияға дейін жеткізілуі керек. Ал, алюминий 760 мыңнан 1 млн тоннаға дейін артады.

Өзінің экономикалық бағдарламасына сәйкес, Сауд Арабиясы кен өндіруді көлемін көбейтіп, 2030 жылға дейін мұнай-газдан бөлек салалардағы жұмыс орындарының санын еселеуге мүдделі, деп жазады Gazeta.

Осыған дейін, Иранның мұнай өндіру көлемін кеміту жөніндегі бастамаға қолдау көрсетуден бас тартуына байланысты Сауд Арабиясы да мұнай өндіруді арттыратыны айтылған болатын.