Сауд Арабиясы аумағынан ерте замандағы мешіт орны табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы аумағында археологиялық зерттеу жүргізіп жатқан француз және саудиялық ғалымдар тобы Ислам діні алғаш тарала бастаған замандарға тиесілі көне мешіттің орнын тауып отыр, деп хабарлады www.muslim.kz.
18 сарапшыдан тұратын археологтар тобы Эль-Хардж қаласы маңындағы аль-Ямама деген жерде қазба жұмыстарымен айналысып жатқан болатын. Қазба жұмыстары барысында олар хижра жыл санағы бойынша 1-5 ғасыр арасында жұмыс істеген ірі мешіттің орнын анықтаған. Үлкен аумақты алып жатқан мешіттің жабық етіп салынған үш залы бар.
Археологтар табылған мешіттің үлкендігі бойынша араб түбегіндегі үшінші мешіт екенін (Мекке қаласындағы Харам мешіті мен Мадина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінен кейінгі) айтып отыр.