Сауд Арабиясы балаларды қажылыққа әкелуге тыйым салуды қарастыруда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының билігі қажылыққа 10 жасқа дейінгі балаларды әкелуге тыйым салу мәселесін қарастыруда. Бұған қажылық маусымындағы аптап ыстық пен қажылық рәсімдерін орындауда балаларға қиыншылықтар туындайтыны себеп болып отыр, деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінен.
Қажылық министрлігі ата-аналарға өздерімен бірге балаларын алып келмеулерін өтінуде, себебі, балалардың күннің ыстығына ұрынып қалуы немесе инфекция жұқтырып, ауырып қалуы мүмкін дейді шенеуніктер.
Биылғы қажылық қазан айына сәйкес келді, алайда келесі жылдары бұл уақыт жаз маусымына қарай жылжитынын ескерсек, қажылық рәсімдерін өтеу уақытында балаларға қиыншылықтар туады.
«Бұл шешім адам өмірін сақтау үшін қабылданып отыр», - деп мәлім етті қажылық министрлігі.