Сауд Арабиясы ханзадасына жарияланған өлім жазасының себебі белгілі болды

Билік басындағы отбасы мүшесінің осыдан үш жыл бұрын Сауд Арабиясының өзге азаматын өлтіргендігі үшін айыпты деп танылды. Корольдіктің ІІМ мәлімдеуінше, ханзада Эр-Риядтағы топтық төбелесте Адель бин Сулейман бин Абдул Карим Мохаммедті өлтірген.
Тергеу шараларынан кейін Сауд Арабиясы Корольдігінің құқық қорғау органдары ханзадаға қылмыс жасады деген айып тағып, ол іс сотқа жіберілді. Сауд Арабиясының апелляциялық соты мен Жоғарғы соты ханзада Туркиді өлім жазасына кесу жөніндегі шешімді қолдады.
Марқұм зардап шегушінің отбасы үкімнің орындалуын талап етті. Сондай-ақ, ІІМ мәлімдемесінде Сауд Арабиясының Корольі Салманның қауіпсіздікті, әділеттілікті және Жаратушы пайымына айнымас адалдығын қолдайтыны хабарланған.
Сондай-ақ, Корольдік монархы кінәсіз жандарға шабуыл жасап, қан төгуге тырысқандардың барлығының заңға сәйкес жазаланатынын ескертті.