Сауд Арабиясы Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін өзінің талаптарын білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегеран корольдіктің және өңірдің өзге елдерінің ішкі істеріне араласуын тоқтатса, Сауд Арабиясы Иранмен дипломатиялық қатынасты қалыпқа келтіреді. Мұндай талапты дүйсенбі күні БҰҰ жанындағы корольдіктің тұрақты өкілі Абдалла Әл-Муаллими жария етті, деп хабарлады ТАСС.
None
None

"Иран өзге елдердің, оның ішінде Сауд Арабиясының ішкі істеріне араласуды тоқтатуы тиіс. Егер Иран осындай әрекетке барса, онда бұл елмен қарым-қатынасымыз жақсарады", - деді дипломат журналистерге. Ол дипломатиялық байланыстың үзілуі Тегеранның бағыты өзгеруіне әсер етеді деп үміттеніп отырғанын білдірді.

Эр-Рияд 3 қаңтарда Иранмен дипломатиялық байланыстың үзілгенін жариялады. Бұған корольдік аумағында өлім жазасына кесілген шиіт уағызшысы Нимра ан-Нимрдің қаза болуына наразылық білдіргендердің Сауд Арабиясының Тегерандағы елшілігі мен Мешхедтегі консулдығына шабуыл жасауы себеп болды. Дүйсенбі күні Бахрейн мен Судан Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзетінін жариялады, ал Біріккен Араб Әмірліктері ИИР-мен дипломатиялық қарым-қатынасты сенімді өкіл дәрежесіне дейін төмендетті.

Сауд тұрақты өкілі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жақын арада елшілік пен консулдыққа «себепсіз» шабуыл жасалды деген мәлімдемені қабылдап, Иран үкіметін Вена конвенциясына сәйкес дипломатиялық миссияларды қорғауды қамтамасыз етуге шақырады деген сенімін білдірді.

Соңғы жаңалықтар