Сауд Арабиясы Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 қаңтарда Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр корольдік Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзетіні жайлы мәлім етті. Тегеранның дипмиссиясы корольдік аумағынан 48 сағат ішінде кетуі тиіс. Қарым-қатынастың үзілуіне Сауд Арабиясының 47 адамды өлім жазасына кесіп, оларды өлтіргеннен кейін Ирандағы СА дипломатиялық өкілдігіндегі бұқаралық тәртіпсіздік себеп болды, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Сауд Арабиясының СІМ басшысы Адель әл-Джубейр 3 қаңтарда корольдік пен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас үзілетінін мәлімдеді.

Иран дипломаттары, сонымен қатар дипмиссиямен байланысты құрылымдар СА аумағынан 48 сағат ішінде кетуі тиіс. Сауд билігі Иранның «Сауд Арабиясындағы қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі үшін» осындай әрекетке барды деген сөздерін агенттік келтірді.

Сауд Арабиясы Ираннан дипломатиялық миссияның 47 қызметкері мен олардың жанұяларын шығарды, деп хабарлады корольдік СІМ өкілі Усама ан-Накли.

Еске сала кетейік, осыған дейін 3 қаңтарда Австрия СІМ басшысы екі елдегі әріптестерімен телефон арқылы сөйлесіп, Иран және Сауд Арабиясының өкілдері екі ел арасындағы шиеленіске қарсы екенін хабарлады.

2016 жылы 2 қаңтарда СА ІІМ лаңкестікке қатысы бар деп айыпталған 47 адамды өлім жазасына кесті. Олардың ішінде сауд билігіне қатысты өткір сын айтуымен белгілі болған шиит уағызшысы Нимр ан-Нимр бар. Бұл жаңалық Таяу Шығыстағы және еуропалық елдерде наразылық тудырды, ал Тегеранда наразылық білдірушілер СА елшілігінде бүлік шығарды.

Соңғы жаңалықтар