Сауд Арабиясы қажылық сапарды кейінге қалдыруды өтінді
АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының билігі әлемдік мұсылман қауымдастығына биылғы жылдың қажылық және умра сапарын кейінге шегере тұру туралы ресми үндеу жариялады,
деп хабарлайды ҚМДБ сайты.
Қазіргі уақытта қасиетті Мекке қаласындағы Әл-Харам мешітінде және басқа да қасиетті орындарда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Сауд Арабиясы елінің бас мүфтиі Абдел Әзиз Әл-Шейхтың мәлімдеуінше, ресми билік аталған құрылыс жұмыстарына байланысты қажылыққа келушілердің санын алдағы 2-3 жылда қысқартуға мәжбүр болып отыр.