Сауд Арабиясы Ливиядағы елшілігін жаппақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы қауіпсіздік мақсатында Триполидегі өзінің дипломатиялық өкілдігін жабатынын осы елдің Ливиядағы елшісі жеткізді, деп хабарлады Би-Би-Си.

Сауд Арабиясы Ливиядағы елшілігін жаппақ

«Дипломатиялық миссияның барлық қызметкерлері қауіпсіздік жағдайына байланысты кетіп қалды», - делінген Мұхаммед Махмұд әл-Әлидің мәлімдемесінде.

Демалыс күндері Триполиде кезекті қақтығыс болды. Қарулы адамдар парламент ғимаратына басып кіріп, адамдарды кепілдікке алған. Соған қарамастан, Ливия үкіметі жағдайды бақылауда ұстай алатынын айтуда.

Айта кетейік, Ливия билігі 2011 жылы Муаммар Каддафи режімі құлағаннан бері елде қоғамдық-саяси тұрақтылыққа қол жеткізуде тырысуда.