Сауд Арабиясы мемлекеттік инвестициялық қордың капиталын 2 триллион долларға жеткізбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы мемлекеттік инвестициялық қордың капиталын 2 триллион долларға жеткізіп, оны әлемдегі аса ірісі етуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары, қорғаныс министрі, корольдік тағының мұрагері кезегіндегі екіншісі Мұхаммад ибн Салман Аль Сауд Блумберг ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Саудтың мәлімдеуінше, мұндағы мақсат - корольдік экономикасын мұнайға тәуелділіктен құтқару.