Сауд Арабиясы мен БАӘ Йеменге 1 млрд доллар көлемінде көмек береді
АСТАНА.ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері Йемен халқына уәде еткен 1 млрд доллар қаржыны БҰҰ-ға аударатын болды.
Гуманитарлық көмек Йемендегі порттар мен инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалмақ. Бұл туралы дүйсенбі күні БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Марк Лоукак мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
«Сауд Арабиясы мен БАӘ бүгін (дүйсенбі күні) БҰҰ-мен 31 наурызға қарай 930 млн доллар қаржы аударуға келісті. Аталған көмек 2018 жылы Йемендегі гуманитарлық іс-қимыл жоспарларын жүзеге асыруға жаратылады»,-делінген Лукоктың жазбаша мәлімдемесінде.
Оның айтуынша, Йеменнің инфрақұрылымына арналған қосымша 70 млн долларды да екі ел бірігіп ұсынбақ.