Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы шиеленіс салдарынан мұнайдың бағасы өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы мен Иранның қақтығысы салдарынан кешеден бері әлемдік мұнайдың бағасы өсіп жатыр, деп жазады Bloomberg басылымы. Жексенбі күні кешке Эр-Рияд Тегеранмен дипломатиялық қарым-қатынастың үзілгені туралы жария етті, бұл Ирандағы Сауд Арабиясы елшілігіндегі тәртіпсіздіктерден кейін орын алып отыр, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.
None
None

ICE Лондон биржасында саудалануы барысында Brent мұнайының ақпандық фьючерсі күрт өсті, 3 желтоқсанда оның жоғары бағамы - барреліне 38,50 долларға жетті. Бұдан сәл уақыттан кейін баға өсіп, кейіннен барреліне 37,89 долларға қайта түсті. Алайда кейін фьючерстер қайта өсіп 38 доллардан асып кетті. Бүгін таңертең барреліне 38,18 доллар болып, сауда жабылған кезде баға 1,53 пайызға артты.

Нью-Йорк тауар биржасында WTI мұнайы 3,5%-ға артып, барреліне 38,38 доллар деңгейінде тұр.

«Нарық Сауд Арабиясы мен Иран секілді мұнай өндіруші мемлекеттер арасындағы қазіргі оқиғаларды, ұзаққа созылатын шиеленістің бастапқы қадамы деп қабылдайды», - дейді Сиднейдегі CMC Markets бас сарапшысы Рика Спунера.

«Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы шиеленісті есепке алсақ, геосаяси жағдайға қатысты қауіп ұлғайып келеді», - дейді Дубайдағы Manaar Energy Consulting талдаушысы Робин Миллс.

Bloomberg келтірген мәліметтерге көз жүгіртсек, Сауд Арабиясы мен Иран ОПЕК (Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы) құрамына кіретін мемлекеттер арасында мұнай өндіру көлемі бойынша бірінші және бесінші орында.

Естеріңізге сала кетсек, 3 қаңтарда Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр корольдік Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзетіні жайлы мәлім етті. Тегеранның дипмиссиясы корольдік аумағынан 48 сағат ішінде кетуі тиіс. Қарым-қатынастың үзілуіне Сауд Арабиясының 47 адамды өлім жазасына кесіп, оларды өлтіргеннен кейін Ирандағы СА дипломатиялық өкілдігіндегі бұқаралық тәртіпсіздік себеп болды.

2 қаңтарда Сауд Арабиясы ІІМ лаңкестікке қатысы бар деп айыпталған 47 адамды өлім жазасына кесті. Олардың ішінде сауд билігіне қатысты өткір сын айтқан шиит уағызшысы Нимр ан-Нимр бар. Бұл жаңалық шииттер көп елдерде және Иранда наразылық тудырды.

Соңғы жаңалықтар