Сауд Арабиясы мен Малазия халал вакциналар өндірмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиялық компания малазиялық Халал өнеркәсібін дамыту корпорациясымен (HDC) ынтымақтаса отырып, алдағы үш жылда ислам талаптарына сәйкес келетін вакциналарды даярламақ, деп хабарлайды азан. кз.

Сауд Арабиясы мен Малазия халал вакциналар өндірмек

HDC басшысы Джамил Бидиннің сөзіне қарағанда, екпені даярлаумен айналысып жатқан жергілікті және шетелдік мамандар және шариғат сарапшылары менингитті, гепатит және эпидемиялық менингиті емдеуге арналған препараттарды шығармақ. «Біз халал талабына келетіндей вакцинаны қайта құру әдістерін іздестірудеміз және оны тез арада аяқтауға үміттенеміз»,-деді ол. Тыйым салынған өнімдердің құрамынсыз жасалған вакциналар қажылық жасайтын адамдарға қажет. Әсіресе, менингитке қарсы екпелер тек мұсылмандар арасында ғана емес, сонымен қатар өзге де дінді ұстанатындар арасында үлкен сұранысқа ие болады, деп болжап отыр Джамил. «Екпе пайда болғаннан кейін адамдар балама вакцинаны ектіре алады. Осы үш екпені даярлағаннан кейін, біз өзге вакциналарды даярлауға кірісеміз»,-деп түйді ол.