Сауд Арабиясы мұнай экспортын тәулігіне 9 млн баррельге дейін ұлғайтты

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы өткен аптада мұнай экспортын 2012 жылғы қаңтардың соңындағы тәулігіне 7,5 млн баррельден 9 млн баррельге дейін ұлғайтты, деп хабарлады РБК.
None
None

Мемлекет бұдан әрі жеткізілімнің бұл деңгейін қолдауды жоспарлай ма, әзірге ол жағы белгісіз, деп хабарлады Reuters елдің мұнай министрлігіндегі дереккөзге сілтеме жасап. Сауд мұнайының Азия елдеріне экспорты тәулігіне 6 млн баррельге дейін, АҚШ-қа - тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін өсті. Бұл осы елдерге мұнай экспортының соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейі.

Алынған мәліметтерге қарағанда, экспортты ұлғайтудың басты себебі мұнайға бағаның өсуі болып отыр. Атап айтқанда, британдық Brent фьючерстерінің баррелі 125 долларға жетті, бұл соңғы 9 айдағы ең жоғары көрсеткіш.  

Соңғы жаңалықтар