Сауд Арабиясы Олимпиада ойындарын тек ерлердің қатысуымен өткізуге ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы тек қана ер адамдар қатысатын Олимпиада ойындарын өткізу ұсынысын жасады. Бұл туралы Lenta.ru агенттігіне сілтеме жасап, Day.Az хабарлайды.

Сауд Арабиясы Олимпиада ойындарын тек ерлердің қатысуымен өткізуге ниетті

Ел Ойындарға өтінімді жоспарға сәйкес Бахрейнмен бірге бермекші. Бұл елде Олимпиада тек ерлер ғана қатыс алады.

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах бұндай өтінімді қабылдауды мүмкін емес деп, оны жыныстық кемсітушілікті болдырмайтын ережемен байланыстырды.

2012 жылға дейін Олимпиадаларда Сауд Арабиясының атынан тек қана ер адамдар қатысатын, себебі елдің заңдары бойынша әйелдер Ойындарға қатыса алмайды. 2012 жылы Лондондағы Олимпиаданың алдында ХОК мемлекетке қысым көрсетіп, соның арқасында Сауд Арабиясының тарихында алғаш рет екі әйел, жеңіл атлет Сара Аттар мен дзюдошы Воджан Шахрхани Ойындарға қатысты.