09:01, 01 Наурыз 2023 | GMT +5
Сауд Арабиясына ет пен бал экспорттайтын қазақстандық компаниялар саны өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясына қазақстандық өнімді экспорттаушы компаниялар саны өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ сілтеме жасап.
«Сауд Арабиясына өнімді экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне тағы 15 қазақстандық ет өңдеу зауыты және 4 бал мен ара шаруашылығы өнімдерін шығаратын компания енгізілді. Осылайша, тізілімде Сауд Арабиясының аумағына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алатын барлығы 34 отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі бар», - делінген хабарламада.
Тізімнің жаңартылған нұсқасымен мына жерден танысуға болады.