Сауд Арабиясына қажылыққа 1,5 млн адам келді

None
Фото: @KAIAirport
ЭР-РИЯД. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясына қажылық жасау үшін 1,5 млн шетелдік адам келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Arab News-ке сілтеме жасап.

Сауд Арабиясы Қажылық және умра министрлігінің мәліметінше, биыл шетелдіктер үшін қажылық құны 39% арзандаған.

Министрлік биыл қажылыққа келушілер саны пандемияға дейінгі деңгейге оралады деп үміттеніп отыр.

Сауд Арабиясының Қызыл жарты ай қоғамдастығы қажылық жасаушыларға шұғыл көмектесу үшін 2300 ерікті жібереді, деп хабарлайды Al Arabiya.

Қызыл жарты ай қоғамдастығының мәліметінше, 2200-ден астам медициналық қызметкер төтенше жағдай туындаған жағдайда қажылыққа келушілерге көмек көрсетуге дайын.

240-тан астам жердегі және әуе жедел жәрдем көліктері күту режимінде болады.

Около 2,6 миллиона человек ежегодно совершали хадж до введения саудовскими властями карантинных ограничений, связанных с пандемией коронавируса.

Сауд Арабиясы билігі коронавирус пандемиясына байланысты карантиндік шектеулер енгізгенге дейін жыл сайын шамамен 2,6 миллион адам қажылық жасайтын.

Қажылық – Исламның бес шартының бірі. Мүмкіндігі бар әр мұсылман өмірінде бір рет болсын Меккеге келіп, қажылық парызын орындауы тиіс.

Биыл қажылық 26 маусымда басталады.


Соңғы жаңалықтар