Сауд Арабиясында 10 мың үнділік аштыққа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында құрылыстан шығарылған 10 мың үнділік жұмысшы аштық алдында тұр, деп мәлімдеді Үндістан сыртқы істер министрі Сушма Сварадж.
Министрдің сөзіне қарағанда, көптеген үнділік азаматтар корольдікте мұнайға бағаның төмендеуінен жұмыстарынан айырылды, деп хабарлайды Би-би-си.
Жұмысшылар тұратын лагерьлерде соңғы бірнеше күннің ішінде азық-түлік тапшылығы байқалуда. Жидда қаласындағы үнділік қауым Үндістан үкіметінің көмегімен сенбі күні мұқтаж жандарға азық-түлік таратуға кірісті.