Сауд Арабиясында 2008 жылдан бері лаңкестікке қолдау білдіргені үшін 2145 адам сотталды

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында 2008 жылы құрылған арнайы қауіпсіздік соты лаңкестікке қолдау білдіргені үшін 2145 адамды соттады, деп хабарлады РосБизнесКонсалтинг Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Құрылған күнінен бастап сот 1080 істі қарап үлгерген, қазіргі таңда онда 2800 күдіктіге қатысты тағы 419 іс қаралуда.

Мамандандырылған қылмыстық сот Сауд Арабиясында және көршілес Йеменде әрекет ететін «Әл-Каиданың» жергілікті бөлімшесімен байланысы бар деген күдіктілердің ісін қарайды.

Алайда, сыншылар шииттердің көтерілісіне қатысы бар белсенділер, құқыққорғаушылар да аталмыш соттың тұзағына ілінеді деп дабыл қағуда.

Соңғы жаңалықтар