Сауд Арабиясында 2020 жылға қарай әлемдегі ең биік ғимарат тұрғызылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында әлемдегі ең биік ғимарат Kingdom Tower салынуда. Оның құрылысы 2020 жылға қарай аяқталады деп күтілуде. Құны 1,2 млрд долларға шықпақ. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
None
None

Үш аяқты штатив принципі бойынша құрастырылып жатқан ғимарат желге төзімді етіп салынбақ. Көк тіреген ғимаратты тұрғызу үшін 80 мың тонна құрыш құйылады.

Ең биік ғимаратта қонақ үйлер, кеңселер, жеке апартаменттер мен көптеген басқа қызмет көрсету орындары орналасады. Салынып жатқан ғимарат Kingdom City жобасының бір бөлігіне айналады, оның жалпы құны шамамен 20 млрд. долларды құрайды.

Соңғы жаңалықтар