Сауд Арабиясында 4 жасар баласы әкесін ойын приставкасын сатып әперуден бас тартқаны үшін өлтірді

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының полицейлері кішкентай баласының тапаншадан ату салдарынан қаза тапқан ер адам өлімінің жағдайларын тергеуде, деп жазады NEWSru.com.

Сауд Арабиясында 4 жасар баласы әкесін ойын приставкасын сатып әперуден бас тартқаны үшін өлтірді

Баласы әкесін оның Sony PlayStation ойын бейнеприставкасын әперуден бас тартқан соң өлтірді.

Оқиға Джазан провинциясында болды, деп хабарлайды Сауд Арабиясы полициясы баспасөз қызметінің өкілі, майор Абул-Рахман аз-Захраниға сілтеме жасаған NEWSru Israel .

Оның айтуынша, баласы кетіп бара жатқан әкесінен оның сүйікті ойыншығын әперуді сұраған. Бірақ әкесі үйіне ойыншықсыз келгенін көрген бала ызаға булыққан.

Сол уақытта отбасы иесі киімін ауыстырып, тапаншасын үстелдің үстіне қойды. Баласы тапаншаны алып, әкесінің қақ маңдайына оқ атты. Оқ әкесінің сол жақ көзіне тиді, ер адам оқиға орнында көз жұмды.