Сауд Арабиясында аптап ыстықта шөл қысқан жылан адам қолынан су ішті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында тұрғындар аптап ыстықта шөл қысқан жыланға бөтелкемен су берген, деп жазады Daily Mail басылымы.
Видеода жылан кадрдан тыс адам ұсынған бөтелкедегі суды құшырлана ішіп жатқандығы байқалады. Бөтелкедегі су таусылған кезде бауырымен жорғалаушы өз жөнімен кете барған.
Басылымның хабарлауынша, Руб-эль-Хали шөлінде сол сәтте ауа температурасы шамамен 40-50 градусқа жеткен.
Бұған дейін осыған ұқсас оқиға Үндістанда болған. Мұнда әбден шөліркеген кобра су іздеп, елді мекенге келген.