Сауд Арабиясында ауруханадағы өрт салдарынан 25 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Джизан қаласындағы ауруханадан шыққан өрт салдарынан 25 адам қаза тауып, жарақат алып, күйік шалғандар саны 100-ден асты, деп хабарлады Сауд Арабиясы азаматтық қорғаныс агенттігі.

Сауд Арабиясында ауруханадағы өрт салдарынан  25 адам қаза тапты

Жалын таңертең ерте жансақтау бөлімінен шыққан. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен әлі де алысуда, деп хабарлады Би-Би-Си.

Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Азаматтық қорғаныс агенттігінің хабарлауынша, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.