Сауд Арабиясында әйел адам көлік айдағаны үшін дүре соғу жазасына кесілді

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында әйелдердің көлік айдауына салынған тыйымды бұзған 30 жасар Шайма Ястайна дүре соғу жазасына кесілді.
None
None

Соттың шешімімен ол 10 рет қамшымен сабалатын болады. Билік өкілдерінің айтуынша, жазалау бір ай ішінде күшіне енеді, деп хабарлайды Утро.ру.

Үкім шығарылған азаматша заң бұзған үшін жазаланатын тұңғыш әйел болып табылады. Бұған дейін полицейлер әйел-жүргізушілерді жай ғана тоқтатып, жауап алып, ендігәрі рөлге отырмаймын деген құжатқа қол қойдыртқаннан кейін жібере салатын.

Құқық қорғаушылардың мәліметтері бойынша, Ястайна апелляцияға өтініш берген. 2011 жылы маусым айында Сауд Арабиясында ондаған әйел қатысқан шара өтті. Оған сәйкес, нәзік жандылар бұл тыйымды алып тастату үшін заңды қасақана бұзған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясында тек жергілікті әйелдерге ғана емес, сондай-ақ шетел азаматшаларына да көлік айдауға тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар