Сауд Арабиясында әйелдерді ұрып-соғуға тыйым салынды

АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының тарихында тұңғыш рет отбасындағы зорлық-зомбылықтың алды-алуға арналған әлеуметтік мәні бар бағдарлама қабылданды, деп хабарлайды muslim.kz.

Сауд Арабиясында әйелдерді ұрып-соғуға тыйым салынды

Осы науқан аясында көзі көгерген әйелдің суреті ілінді. Суреттің астында «Кейбір нәрселерді жасыру мүмкін емес» деп жазылған

Сауд Арабиясының тұрғындары үшін бұл бағдарлама қыз-келіншектерге қатысты оң өзгерістің белгісі болып табылады. Аталмыш бағдарламаны Сауд Арабиясын 1975 жылдан 1982-ші жылға дейін басқарған король Халид атындағы қор жүзеге асырады.

Королдік қордың сайтындағы хабарға қарағанда, ел аумағында әйелдерді ұрып-соғу кеңінен етек алған. Патриархалдық құрылым үстемдік еткен елде осынау келеңсіз оқиғалар құпия күйінде қалып қойып жататыны жасырын емес.