Сауд Арабиясында басына үлкен әйнек құлаған азамат тірі қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде көшеде асықпай қыдырып жүрген ер адам, оның басына жоғарыдан үлкен терезе шынысы қалай құлағандығы туралы видео пайда болды.
Бір қызығы, Сауд Арабиясының тұрғыны тірі қалғанымен қоймай, өздігінен орнынан тұрып, аң-таң қалған күйі жайына кете барды.
Арада жарты сағат шамасында ғимараттан осы оқиғаға кінәлі жан жүгіре шықты. Шамасы ол зардап шеккенге алғашқы жәрдем көрсетпек болған.