Сауд Арабиясында бір миллион доллар тұратын қаламсап саудаға қойылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуір айының басында Эр-Риядта өтетін World Luxury Expo көрмесінде Montegrappa компаниясының 100 жылдығына арнап шығарылған қаламсап сатылады. Ол бір миллион долларға бағаланды, деп хабарлайды Luxurylaunches.

Әңгіме Ultimate Centennial Dragon қаламсабы туралы болып отыр. Оны жасап шығару үшін 300 грамм алтын қажет болды, жазушы құрал гауһар тастармен, сондай-ақ лағыл және меруерт тастармен безендірілген. Қаламсап қуаттылық пен гүлденудің символы болып табылатын қытайлық айдаһар мүсіншесімен безендірілді.

Басылымның атап өтуінше, егер көрмеде қаламсапты сатып алатын адам болмаса, ол Нью-Делидегі The Luxury Festival аясындағы саудаға шығарылады.

Centennial Dragon желісі 2012 жылы құрылған, оның шығарылуы компанияның 100 жылдығына орайластырылды. Тиражы 100 дананы құрады, соның ішінде 33-і қызғылт алтын, 33-і - сары, тағы 33-і - ақ алтыннан жасалған. Жүзінші данасы эксклюзивті болып, Ultimate Centennial Dragon атауына ие болды. 

Соңғы жаңалықтар