Сауд Арабиясында біржыныстылар өлім жазасына кесіледі

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Жуырда Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл біржыныстыларға қарсы заң қабылдау жөнінде айтып қалды. Бұл мәселе жалпы, әлем елдерінде қалай шешіледі? деген оқырман сауалына «Алаш айнасы» басылымы жауап берді.
None
None

Жалпы, әлемде біржыныстылардың некесін заңдас­тыратын Ұлыбритания, Бельгия, Голландия, Исландия, Норвегия, Швеция секілді 15 мемлекет бар. Сондай-ақ гомосексуалды жұптарды АҚШ пен Мексиканың кейбір штаттарында да ресми түрде тіркейді. Ал біржыныс­тылардың жұптасуына Кувейт пен Парсы шыға­нағындағы араб мемлекеттері қарсы. Олар қазір осы елдерге келе­тін шетелдік қызтекелерді әуежайларда-ақ анықтап, келген жақтарына қайтаруға мүмкіндік беретін жүйені іске қоспақшы. Алдағы уақытта Кувейт, Сауд Арабиясы, Оман және Біріккен Араб Әмірліктерінің бұл бастамасы басқа елдерден де қолдау табуы мүмкін. Тағы бір айта кетерлігі, Кувейтте бір жыныстылардың қарым-қатынас жасауына заң бойынша тыйым салынған. Ал әшкере болғандар абақтағы жабылып, айыппұл төлейді. Осыған ұқсас заңдар Парсы шығанағы елдерінің көпшілігінде кездеседі. Ал Сауд Арабиясында біржыныстылардың төсек қатынасына барғаны дәлелденсе, өлім жазасына кесіледі.

Соңғы жаңалықтар