Сауд Арабиясында да үкіметке қарсы наразылық шеруі өтті

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының елордасы - Эр-Риядта үкіметке қарсы наразылық акциясы өтті. Бұл туралы «Маяк» радиосы хабарлады.

Сауд  Арабиясында да үкіметке  қарсы   наразылық шеруі  өтті

Полицияның шерушілерді қуып тарату операциясы кезінде ең кем дегенде 4 адам зардап шеккен.

Наразылық акциясына 200-ге жуық шииттің қатысқаны айтылады. Соңғы екі апта бойы наразылық шерулерін ұйымдастырып отырған шииттер, елдегі басым топ - сүнниттер тарапынан кемсітушіліктің көп екеніне арыздануда.

Саудиядағы наразылықтар әзірге жаппай емес, дегенмен, бұл шаралар шииттер жаппай наразылық шерулерін өткізіп жатқан көрші Бахрейндегі оқиғалардың әсерімен басталып отырғанын айта кету керек.