Сауд Арабиясында демалыс күндері жұма мен сенбіге ауыстырылды
АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының билігі демалыстарды жұма мен сенбіге ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Осы күнге дейін корольдіктің жұмыс аптасы сенбіден басталып сәрсенбіге дейін созылатын, деп жазады Би-Би-Си.
Биліктің аталмыш шешімін Сауд Арабиясының кәсіпкерлері қолдап отыр. Олардың айтуларынша, елдің экономикасына демалыстың ауыстырылуы оң әсер етеді.
Алайда корольдің шешімін сынға алған консерваторлардың байламынша, бұл мемлекетті батыстандырудың кезекті қадамы.