Сауд Арабиясында ерлер мен әйелдерге қатысты жаңа ереже енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының ұлттық Saudia әуе тасымалы компаниясы жаңа ереже енгізетінін мәлімдеді, деп хабарладыmuslim.kz.

Сауд Арабиясында ерлер мен әйелдерге қатысты жаңа ереже енгізіледі

Енді ел аумағында жаңа ережеге сәйкес, ұшаққа отырған жолаушылардың туыстық жақындығы болмаса, бөлек отырғызылатын болады.

Ұлттық компанияның бұндай қадамға баруына көптеген жолаушылардың сапарлары барысында әйелдердің қасында отырған ер адамның ұнамсыз қылықтары негізінде жазған арыздары себеп болып отыр.