Сауд Арабиясында ешкі 3,5 млн долларға сатылды

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елді елең еткізген өзгеше сауда оқиғасы Сауд Арабияның астанасы Эр-Риядта болды. Мал шаруашылығымен айналысатын әлдебір адам әріптесінен аша тұяқты үй жануарын 13 млн. реалға (3,5 млн доллар шамасында) сатып алған. Бұл жайында «әл-Арабия» ақпарат көзі хабар таратты.

Сауд Арабиясында ешкі 3,5 млн долларға сатылды

Бұл жаңалық сол сәтінде-ақ шартарапқа тарады. Muslim.kz сайтының жазуынша, мыңдаған блогерлер бағасы шарықтаған ешкі мен келісімшартта көрсетілген банк шотының фотосуретін өз сайттарында орналастырып, оқырмандарының алдында ұпай жинап әлек болды.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда, ешкі сирек кездесетін асыл тұқымды болғандықтан осындай бағаға сатылған.