Сауд Арабиясында ханзадаға кесілген өлім жазасы орындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының билігі сейсенбі күні үш жыл бұрын Эр-Риядта өз досын атып өлтірді деген айып тағылған патша әулетінің мүшесі, ханзада Турки бен Сауда Аль Кебирге кесілген өлім жазасын орындады. Бұл туралы «Аль-Арабия» спутниктік телеарнасы әмірліктің ІІМ мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Тергеу мәліметтері бойынша, ханзада Эр-Риядта болған топтық сауық жиынында өз досы Адиль аль-Мхемидті атып өлтірген, сондай-ақ тағы бір адамды жаралаған. Бұл қылмыс елде үлкен резонанс тудырды, деп жазады РИА Новости.

Өлім жазасын Сауд Арабиясының Жоғарғы және Апелляциялық соты бекітті.

Соңғы жаңалықтар