Сауд Арабиясында көзі көрмейтін мұсылмандар үшін Құран басылып шығуда

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының королі Абдалла ибн Әбдіәзіз әл-Саудтың қарамағындағы қасиетті екі мешіттің баспаханасы жанары жасық немесе көзі мүлдем көрмейтін мұсылмандар үшін Брайл тәсілімен Құран басып шығарды. Бұл жайында «Умма-информ» ақпарат агенттігі Iinanews басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
None
None

Брайл тәсілі бойынша Құранды басып шығаруға жауапты Нәсір бин Әлі әл-Мұсаның сөзіне қарағанда, аталмыш баспаханадан шыққан Құранды тек саудиялық азаматтар ғана пайдаланып қоймай, сонымен бірге, елден тысқары жерлерге де, мекемелер мен кітапхаларға, т.б. тегін таратылады. muslim.kz сайтының жазуынша, Брайл тәсілі бойынша жарық көрген Құранды имамдар да, оқытушылар да, студенттер де пайдалана алады.

Саудиялық баспахана Брайл тәсілі бойынша Құранды басып шығаруды ары жалғастыратын болады.

Соңғы жаңалықтар