Сауд Арабиясында мемлекеттік шекарада азаматтарды тексеру күшейтілді

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында коронавирустың тіркелуіне әрі қажылық сапардың басталуына орай мемлекеттік шекарада азаматтарды тексеру күшейтілді. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова мәлім етті.
None
None

Бүгінгі таңда дүниежүзінде коронавирустық инфекцияға шалдығудың 140-тан астам оқиғасы тіркелгенін атап өткен ол: «Оның 130-ы Сауд Арабиясына тиесілі. Ағымдағы жылғы қажылық сапардың қазанның 13 мен 18-і аралығына сәйкес келуін ескеріп, біз мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттеріндегі іс-шараларды күшейттік. Барлық өткізу бекеттерінде міндетті түрде байланыссыз термометриялық тексеру жүргізіледі», - деді.

Оның сөзіне қарағанда термометриялық тексеру шаралары өткен жылы Қытайда коронавирус пен құс тұмауы тіркелгеннен кейін қолға алынған. Сол уақыттан бері Таяу Шығыстан елімізге шамамен 40 мың, ал Қытайдан 100 мыңнан астам адам келген. «Олардың барлығы да байланыссыз термометриядан өткізілді»,- деді А.Есмағамбетова.

Соңғы жаңалықтар